
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырау қаласында 7 субұрқақтың құрылысы басталады
Биыл Атырау қаласына таяу орналасқан елді мекендерде 1 мың орындық 4 мәдениет үйі, Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған 100 орындық жатақхана, Тасқала селосында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.
Ал, Еркінқала, Ақжар, Жаңаталап, Томарлы селоларында жаңа мәдениет үйлері ашылады. Сондай-ақ, Атырау қаласында 7 субұрқақтың құрылысы басталады.
«Бұл нысандар қала әкімінің азаматтарды қабылдауы мен кездесулерінде халықтан түскен ұсыныстары негізінде жүзеге асырылуда. Биыл азаматтардан жақсы идеялар жинауға бағытталған шаралар өтеді»,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айқара Ғұмар
Фото photogoroda.com сайтынан алынған