Атырау қаласын қардан тазартуға 28 арнайы техника жұмылдырылды
Атыраудағы «Арнаулыавтобаза» ЖШС қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтың өкімі бойынша қар тазалаушы техникалар 5 топқа бөлініп, қаланың әр бөлігіне шоғырланды.
Жолдарда тайғақты болдырмау үшін 3 резервуар көпірлерге және жол жүру бөлігіне құм себу жұмыстарын жүргізуде.
«Арнаулыавтобаза» ЖШС өкілдерінің айтуы бойынша, таңертеңгілік уақытқа дейін қаланың және қала маңындағы ауылдық округтердің көшелері тазаланатын болады.
«Бүгінде біздің барлық күшіміз қаланы қардан тазалауға жұмсалады. Біз ауа райын бақылауда ұстай отырып, жауын басылғанша тәуліктік режимде жұмыс істеуді жалғастырамыз»,-деді «Арнаулыавтобаза» ЖШС директорының орынбасары Кимеядин Шманов.
Айқара Ғұмар