«Атырау-Ақпарат» ұжымы Мақат ауданының халқымен кездесті (ФОТО)

ANU 8846 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігі ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени шарасы Мақат ауданында өтті. Бұл жоба Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына орай жүзеге асып отыр.

Насихат тобын алдымен Мақат ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиев қабылдап, өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырды. Ал, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Рауан Сәбитов жылы жүзді қабылдауға ризашылығын білдіріп, этно-мәдени шараның маңыздылығына тоқталды.

ANU_8801

Кейін, медиасеріктестік ұжымы әулие, батыр баба Байбақты ата кесенесіне барып, қасиетті тұлғаның рухына тәу етіп, Құран бағыштады.

ANU_8730

Содан соң, олар Мақат ауданындағы бірқатар нысандарда, атап айтқанда, аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен, М.Баймұханов мектебі және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымымен, Мақат локомотив пайдалану депосының теміржолшыларымен кездесіп, ашық әңгіме өрбітті.

ANU_8837

ANU_8840

«Туған жер» этно-мәдени шарасы Доссор мәдениет үйінде қорытындыланды. Жиында сөз алған «Атырау-Ақпарат» серіктестігі директорының орынбасары Р.Сәбитов, Елбасы мақаласынан туындаған жобалардың мәні мен маңызын баяндады.

ANU_9354

Ал, «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Атырау-Ақпарат» серіктестігінің тілшілері Қаршыға Көшеков, Бақытжан Жұмат, Нұрсұлтан Мықтыбай, Нұрислам Ғұмар және жарнама бөлімінің меңгерушісі Ағиба Қатешова Президенттің концепциялық тұжырымдамасына қатысты өзіндік пікірлерімен бөлісті.

Шара аясында мерзімді басылымдарға қолдау көрсеткендер марапатталып, жас тілшілер арнайы куәліктерге ие болды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты. Ән айтылып, би биленіп, көркемөнерпаздардың өнеріне мақаттықтар қошемет көрсетті.

ANU_9126

ANU_9197

ANU_9041

ANU_8954

Бақытжан Жұмат

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз