Атырауға неміс технологиясы керек пе?
Германияда тәжірибеден өткен атыраулық кәсіпкер, «Жахан Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Диас Байсмақов өндіріске жаңа технологияларды енгізбекші. Бұл «Іскерлік байланыстар» атты жобаның арқасында мүмкін болып отыр.
Бұл жоба бойынша бизнес бастаудың қыр-сырын тегін үйренуге болады.
– Біздің мекеме 15 жыл бойы су жылыту және су сорғыш құрылғыларды, су жүйелері мен генераторларды жөндеумен айналысып келеді. Сондықтан шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатқымыз келеді, — дейді кәсіпкер.
Ройтлинген, Тюбинген қалаларында оқыған отандық өндірушілерге әуелі дәрістер оқылып, шығармашылық тапсырмалар берілді. Кейін олар неміс өндірістік базалары мен кәсіпорындарын көруге мүмкіндік алды. Олардың арасында белгілі «LAPP GmbH» кабель зауыты, «Daimler AG» автокөлік құрылыс концерні, өлшеуіш құрылғылар мен станоктарды шығаратын Еуропадағы ең үздік «Hahn&Kolb GmbH» кәсіпорны және басқалары да бар.
Амандық АБДОЛ