ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырауға аула клубтары ауадай қажет
«Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Салтанат Өтебайқызы Нұрсаядағы №11 үйдің төменгі қабатынан «Достық» аула клубын ашқан.
Үш бөлмелі орталықта 7-29 жас аралығында 400-ге жуық тұрғын күн сайын сағат 10.00-21.30 аралығында уақыттарын тиімді өткізеді. Нұрсаялықтардан бөлек, Балықшы, Жұмыскер елдімекендерінен келетіндер де көп. Мұнда гитара, баян, қолданбалы өнер, спорт, ағылшын тілі және басқа да үйірмелер тегін қызмет атқарады. Клуб жұмысы 22 маусым мен 20 желтоқсанға дейін жоспарланған. Салтанат сол жұмысты келесі жылы да жалғастырып, аула клубтарының санын көбейткісі келетінін айтады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.