Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша call-орталық іске қосылды

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 1 сәуірден бастап аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді.

Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желі» ашылды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлайды.

Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауаптарды алуға болады. Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады.

20190328180804 12454

Сонымен қатар, қосымша анықтамалық ақпаратты өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында келесі нөмірлер бойынша алуға болады: Атырау облысы 8 (7122) 32-48-28, 8 (7122) 32-48-28.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары мен балалары үшін «111 шұғыл қызметі» 2016 жылы балалар мен азаматтардың күрделі өмірлік жағдайларын жедел шешуге көмек көрсету, әлеуметтік, психологиялық, заң және ақпараттық, еңбек мәселелері және халықты азаматтардың құқықтары туралы ағарту мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету мақсатында құрылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button