Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

«Асуы биік оркестр» кітабының тұсауы кесілді

Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. Атырау өңірінде күй өнері өте ертеден дамыған. Асан қайғы, Қарасай қазыларды айтпағанда ХІХ ғасыр басындағы Боғда, одан бергі Ұзақ, оған жалғасқан Құрманғазы, Мүсірәлі, Дәулеткерейлердің өзі неге тұрады?! Олардың мұраларын Дина, Сейтек, Соқыр Есжан, Ерғали, Мәмендер, одан бергі Ишанғали, Ғибатолла, Әзидолла, Рысбайлар жалғастырды.

Атырау өңірінде күй өнері өте ертеден дамыған. Асан қайғы, Қарасай қазыларды айтпағанда ХІХ ғасыр басындағы Боғда, одан бергі Ұзақ, оған жалғасқан Құрманғазы, Мүсірәлі, Дәулеткерейлердің өзі неге тұрады?! Олардың мұраларын Дина, Сейтек, Соқыр Есжан, Ерғали, Мәмендер, одан бергі Ишанғали, Ғибатолла, Әзидолла, Рысбайлар жалғастырды. Өткен ғасырдың елуінші жылдары жекелеген домбырашылардың ұйымдасып, ұжымдық өнер көрсететін өнер ұжымы – ұлт аспаптар оркестрі көбейді. Сол жылдары облыс басшысы Нұртас Оңдасыновтың бастамашылығымен облыс орталығынан республикадағы Құрманғазы оркестрі сияқты жеке өнер ұжымы құрылды. Оның негізін құраған – бұған дейін әр ауданда бой көрсеткен жекелеген ұжымдар, аудандық оркестрлер.

Осыларды жинап, алғашында 500 адамдық оркестр өнер көрсетті. Кейін Дина Нұрпейісова атындағы облыстық ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Қоғамдық негізде жұмыс істеген бұл ұжымның мүшелері Гурьев қаласының кәсіпорын, мекемелері, жалпы білім беретін мектептер мен мәдениет ошақтары, оқу орындарында еңбек ететін өнерлі жандар еді. Олар күндіз негізгі жұмыстарында кәсіби қызметтерін атқарса, кешке мәдениет үйіне келіп, өнерсүйер қауымның рухани сұраныстарын өтейтін. Бірақ, қоғамдық негіздегі жұмысты кәсіби қызметке айналдыру, күндегісін күнде емес, андасанда келіп кететін істі тұрақты жұмысқа бағыттау идеясымен 1990 жылы Дина Нұрпейісова атындағы жаңа құрамдағы оркестр дүниеге келді.

Міне, содан бері 28 жыл өтті. Сол кезгі байырғы орындаушылардың орнын бұл күнде жас мамандар басуда. Өткен уақыттар ішінде оркестр тек атыраулықтардың сүйікті рухани ұжымы ғана емес, күллі Батыс Қазақстан өңірі, Қазақстанның біраз облыстарында болып өнер көрсетті, үкіметтік концерттер берді. Катарда, Түркия мен Германия, Франция, Албания, Ресей, басқа да елдерде болды.

Таяуда тұсауы кесілген «Асуы биік оркестр» кітабында аталған ұжымның өткен 62 жылдағы өсу, өрлеу жылдары жан-жақты ашып көрсетілген. Оркестрдің алғашқы жылдарынан бастап, қазіргі күндерде еңбек етіп жүрген құрамның мүшелері сөз алып, өз жетістіктерін тілге тиек етіп, әріптестері жайлы айтып өтті. Қол ұшын берген билік басындағы ағалар, дирижерлар жайында әңгімеледі. Кітапта көп жайлар суретпен қамтылған. Әсіресе, соңғы 28 жылдағы әр қадамның көрінісі кітаптан орын алған. Бұл орайда аталған еңбекті дайындаған Өтепберген Әлімгереев пен Ақнар Шәріпбаеваның біраз тер төккені аңғарылады.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button