Жаңалықтар
Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады
Астанада наразылыққа шыққан «БерАли» компаниясының жұмысшылары Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымов видеоүндеу түсіріп, бүгін санкцияланбаған митинг үшін ұсталған мұнайшылар Маңғыстауға қайтарылатынын жеткізді.
Сондай-ақ олар бұл мәселені Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» компаниясы өкілдерімен бірге комиссия құрып, шешетінін айтты.
«Қазір полиция бөлімінде жүрміз. Мұнайшылардың бір бөлігін пойызбен, бір бөлігін ұшақпен елге қайтарамыз», — дейді видеода Жолмұрат Ұлықпанов.
Мұнайшылардың көшбасшылары Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды.