Жарнама
Жаңалықтар

Астанада Дүниежүзілік додаға арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді халықтардың бай мәдени мұрасын құрметтейтін және бағалайтын барлық жандар үшін маңызды шара.
Мөрлеу рәсімі ресми ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова арнайы пошта мөрімен мөрлеу рәсімін жүргізді.

Рәсім барысында ДКО дирекциясының басшысы Наиль Нұров бүгінгі іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның мәдени мәніне ерекше тоқталды.
«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, біздің дәстүрімізбен, мәдени мұрамызбен бірегей байланыс.
Мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл біздің өткенімізге деген мақтаныштың және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге деген ұмтылысымыздың символы. Бұл бастаманың адамдарды біріктіріп,
көшпенді халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға және дамытуға шабыттандыратынына сенеміз және қуаныштымыз».
Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мерейтойлық пошта маркасын шығару – бұл тек біздің мәдени мұрамызға деген құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар көшпенді халықтардың дәстүрлерін сақтау мен насихаттауға қосқан елеулі үлесіміз. Біз мәдени диалогтың дамуына және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан тұтамыз», — деді.
Бұл пікір 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының терең мәдени маңыздылығын және мерейтойлық марканы шығарудың символдық мәнінің орны ерекше екенін көрсетеді.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады.
Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дәстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен өзіне деген адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер.
Марка тиражы 5000 дана, номиналды құны – 500 теңге. Ультракүлгін бояумен және алтын фольгамен бедерлеу арқылы қорғаныс элементтерін қолдана отырып жасалған марка кез келген коллекцияның ажырамас бөлігіне және көшпенді халықтардың мәдени мұрасына деген құрметтің
символына айналады.
Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі – Halyk Bank.
Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.


V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының
баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button