Жарнама
БілімЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Astana Hub Атырауда өңірлік стартаптарды дамыту бағдарламасын ұсынды (+ФОТО)

Atr.kz/8 қараша, 2019 жыл. Бүгін Атырауда мұнай-газ саласындағы жобаларға және жергілікті атқарушы органдардың бастамаларына арналған «Мұнай-газ саласын цифрландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Энергетика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, ҚМГ, ТСО, NCOC, KPO және т. б. компаниялардың өкілдері қатысты. 

Іс-шара аясында Astana Hub атқарушы директоры өңірлік стартаптарды дамыту бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, қатысушыларға Astana Hub стартаптарын қолдау бағдарламалары таныстырылды. 

whatsapp image 2019 11 08 at 13.05.42 4

«Еліміздің инновациялық экожүйесін құруда өңірлерде стартап-мәдениетті дамыту өте маңызды. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде IT-хабтарды ашу бойынша тренд байқалады. Біз Қазақстан өңірлерімен стартаптармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісуді жоспарлап отырмыз.

Екі жыл ішінде Astana Hub технопаркі технологиялық кәсіпкерлерді дайындау мен дамытудың табысты үлгісін көрсетті. Осылайша, «Startup Sapary» бағдарламасы әзірленді, оның аясында біздің менторлар облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларға барады. Біз әрбір өңірлік ІТ-хабқа қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Әділет Нұрғожин.

Бір ай ішінде Astana Hub-тың сарапшылар командасы технопарк қызметімен таныстырып, ел арасында технологиялық кәсіпкерлік мәдениетін ілгерілету үшін Қазақстан өңірлеріне «Startup Sapary» бағдарламасымен барады. 

Astana Hub командасы 14 облыс орталығын және республикалық маңызы бар Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды. Astana Hub сарапшылары «Startup Sapary» бағдарламасы аясында Атырау қаласына келді. 

Мұнда жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыс істейтін ұйымдармен бірлесіп ұзақ мерзімді әріптестік келісімдер жасау көзделіп отыр.    

whatsapp image 2019 11 08 at 13.05.42 3

Сапар барысында Community (қауымдастық) аймақтық стартапын қалыптастыру және инновациялық экожүйені құру жоспарлануда, бұл стартап-жобаларды дамыту бойынша білім алғысы келетін дарынды студенттерді, іскер мамандарды және перспективті ІТ-компанияларын анықтауға және өз идеяларын барынша қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік береді.

Барлық сапарлардың қорытындысы бойынша, Astana Hub командасы инновациялық экожүйенің ағымдағы жай-күйіне, өңірдің инфрақұрылымы мен салаларын цифрландыруға IT-қоғамдастықтың дайындық деңгейіне бағалау жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған орай, әрбір өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспары әзірленетін болады, оған Astana Hub оқыту бағдарламалары мен әдіснамалар және тәжірибемен бөлісу кіреді. 

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі стартап-жобаларды дайындаумен және дамытумен айналысады. Технопаркте IT-стартаптарды дамытудың тегін бағдарламалары: стартап мектебі, инкубация және акселерация бағдарламалары жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button