Жарнама
Жаңалықтар

Әскерилер қарабаулықтарға көмекке келді

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылдық округіндегі бөгет соғу жұмыстарына Ұлттық ұлан сарбаздары да кірісті. 
Қазір су деңгейі өз ағысымен келуде. Бірақ Тасшағыл, Қаракөл және Қарабау ауылдарына әлі де қауіп төнуі мүмкін. Онда 13 бірлік техника, 300-ге жуық мекеме қызметкерлері мен еріктілер, ал қосымша күштен 75 Ұлттық ұлан, 50 Орал қорғаныс басқармасы, 2 ТЖД қызметшілері жұмыла жұмыс істеуде. 
Ауылдық округте 2,3 шақырымға соғылған бөгетке 11 600 қапшық, 40 күрек, 15 қол шам мен 3675 тонна топырақ пайдаланылды. «Ауылдарда әзірге ахуал тұрақты, жұмыстар әлі жалғасуда»,- дейді Қызылқоға ауылдық округінің әкімі Зейнолла Шәліков.
– Әкімдік пен мердігерлерден бөлінген техникалармен, ауыл тұрғындарының көмегімен бөгет соғу жұмыстары жасалып жатыр. Ауылда бұл жұмыстарына 120-ға тарта сарбаз жұмылдырылды. Қазір Қаракөл ауылында су өз ағысымен келуде, ал Қарабау ауылында өз деңгейінде тұр. Округ ақсақалдарымен кеңесе отырып, Тайсойғаннан келетін суды ауыл сыртымен айналып өтетіндей етіп арнасын бұрып дайындап қойдық. Себебі ол мына тасқын сумен бірігіп кетсе ауыл ішіне су жайылып кетуі мүмкін. Сондықтан кез келген жағдайға жұмыстанып, дайындалып отырмыз, - дейді әкім.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button