Әскерилер балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады
Атыраудағы 41433 әскери бөлімінің қызметшілері «Жан Еркемай-Атырау» қоғамдық қорының ерекше балаларға арналған орталығында болып, балдырғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Мейрам Қаппасов, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен арадағы жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Дария Шөкенова және әскердегі әйелдер қауымы балаларға тәттілер мен сыйлықтар табыс етті.
– Бұл жай ғана орталық емес, бұл – балалар мен олардың ата-аналарына көмектесу үшін салынған мекеме. Сіздер – Отанымыздың қорғаушысысыздар. Уақыттарыңыздың тығыздығына қарамастан, жас тәрбиеленушілерімізге жақсылық пен жылу бергендеріңізге, оларға жағымды эмоциялар сыйлағандарыңызға рахмет, – деді қоғамдық қордың басшысы Әлия Кубаева погон таққан қонақтарға.
Әскери қызметшілер оңалту орталығына келгендері үшін қуанышты екенін жасырмады. Ал балалар сарбаздардың алдында өздерін көңілді ұстап, ән айтып, би биледі.
– Балаларды барымызша назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Біз оларға мерекелік көңіл-күй сыйладық деп ойлаймыз, – деді 41433 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Мейрам Қаппасов.
Еске сала кетейік, Атырау гарнизонының жеке құрамы балалар мен қарттар үйлері және осыған ұқсас оңалту орталықтарына үнемі барып тұруды әдетке айналдырған.