Жаңалықтар
Әскердегі сарбаз туған жерінде бөгет соғуда
Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының тумасы Естай Жоламанов Маңғыстау облысындағы №25744 Теңіз жаяу әскери бригадасында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер. Бүгінде ол өзі туған ауданындағы Жайық жағалауын бекіту жұмысына атсалысуда.
– 390-шы теңіз жаяу бригадасында Отан алдындағы борышымды өтеп жатырмын. Қазір өзімнің туған жерімде қолғабыс етіп бөгет соғудамын. Бүгінгідей төтенше жағдай кезінде көмек көрсету әрбір азаматтың басты парызы деп білемін, — деді сарбаз.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ