«Ashyq» жобасы – Атырауда

1614856334 news b Жаңалықтар

«Атамекен» кəсіпкерлік палатасы жəне Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе отырып «Ashyq» мобильді қосымшасын іске қосты.

. Қазір өңірде алты кəсіпкерлік субъекті қосымшамен жұмыс жасауды бастады. 600-ге жуық кəсіпкер жаңа жобамен жұмыс жасауға ниетті, – деді Атырау облысы Кəсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.

 Бұл іс-шараның басты мақс аты – тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көп жағдайда тұрғындар өзін-өзі оқшалау режимін бұзып, қоғамдық орындарға барып, коронавирустың одан əрі таралуына себепші болады. Мобильді қосымша осындай келушілерді анықтайды. Бизнес субъектілері өздеріне берілген арнайы QR-кодты ғимараттың кіреберісіне іліп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Ал тұтынушы өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі мен ЖСН арқылы тіркеледі. Ішке кіру үшін нысанның QR-кодын сканерлегенде, экранда көк, жасыл, қызыл немесе сары, яғни төрт түстен тұратын статус көрінеді. Егер сізге жасыл түс шықса, бұл сіздің базада ПТР-тестілеудің теріс нəтижесімен тіркелгеніңізді растайды.

Ал көк статус – ПТР тестілеудің нəтижесі жоқ, бірақ ауру жұқтырған адамдармен байланыста болмағаныңызды білдіреді. Деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адамға сары белгі беріледі. Қызыл статус – амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды, яғни жүріп-тұрудың шектелгенін білдіреді. Қызыл жəне сары статустағы адамдар нысанға кіргізілмейді жəне талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Пилоттық жоба негізінде ж ү з е г е а с қ а н қ а л а л а р д а құқықбұзушылықтар орын алып, тиісті шаралар қолданылған.

 Бүгінгі таңда QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік, Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең тараған. Басқа елдерде балама қондырғылар бар. Бұл қосымша Қазақстанда да карантиндік шектеулерге жиі түсетін өңірлердің кəсіпкерлері үшін қолайлы жоба болмақ. Брифинг барысында Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің орынбасары Қадіржан Оразғалиев қаулы негізінде қызметі шектелген салаларды атап өтті.

С.САНСЫЗБАЙҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз