Жарнама
Жаңалықтар

«Ashyg» жобасының тиімділігі

Атырау облысында коронавирус инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал және кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyg» жобасын енгізу туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңірек айтылды.

Сәуір айының 26-сынан бастап х а л ы қ т ы ң к ө п ш о ғ ы р л а н а т ы н ж е р л е р і н е , я ғ н и к ә с і п к е р л і к о бъ е кт і л е р і н е « A s h y g » жо б а с ы енгізілді. Қазіргі күні осы жобаға қатысуға 225 нысан өтініш берсе, с о н ы ң 1 8 4 — і Q R — код п е н ж ұ м ы с жасауда. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ирбатырованың айтуынша, ол нысандар қатарында кинотеатр, компьютерлік клуб, СПА салон, фитнес орталығы, театр, филармония, концерттік зал, бильярд клубы, сауна, бассейн, боулинг клубы, монша, мұражай, кітапхана, кеңселер мен қоғамдық тамақтану объектілері бар. Аталған жоба енгізілгеннен бері облыста «сары» мәртебемен – 18, «қызыл» мәртебемен 14 келуші анықталған. Бұл келушілер сау адамдардан оқшауландырылып отыр. Егер объектілерге кері баруы анықталса, онда оларға әкімшілік сипатта шара қолданылатын болады. C O V I D — 1 9 д е р т і н е қ а т ы с т ы а ху алдан о сындай ақпар беріп, қолға алынған «Ashyg» жобасының тиімділігін баса айтты, сұрақтарға жауап қайтарды.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button