Асхан Байдуалиев Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды

5d8b1022 b49e 4f4b b280 5613328397ad Жаңалықтар

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне Асхан Мархабайұлы Байдуалиев тағайындалды.

Бұл қызметке ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылған Марат Пашимовтың орнына келді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Жауапты басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар басқарманы 3 жылдан бері басқарып келген Марат Пашимовқа құрмет көрсетіп, алғыс айтты.

– Сізді білікті, қабілетті басшы деп білеміз. Дамудың жаңа биігіне қол жеткізген Түркістанның түрленуі бағытында аянбай еңбек еттіңіз. Еліміздің өркендеуі мен баянды болашағы жолында әлі де талай ел сүйсінер елеулі істер атқаратыныңызға сенемін, – деді облыс басшысы.

Байдуалиев Асхан Мархабайұлы – уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. 1972 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Алматы облысы, Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы болған.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдан бері Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз