Қашағанда кибер шабуылға қатысты қауіпсіздік жүйесі күшейтіледі

Атырау облысындағы Қашаған кен орнын өңдеуші NCOC компаниясы IT саласындағы қауіпсіздік жүйесін күшейтпекші, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20170707183812

«2017 жылдың 12 мамырында NCOC компаниясы WannaCry зиянды бағдарламасын пайдалана отырып, әлемдегі кибер шабуылға ұшыраған компаниялардың бірі атанды. IT бойынша тиімсіз қызметтер мен барлық қолданушылардың пайдалану мүмкіндігі дереу қалпына келтірілді. Аталған шабуыл мұнай өндіруге қатысты өндірістік операцияларға әсер еткен жоқ. Сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де ешқандай мәселе туындамаған. Қазіргі уақытта IT-ге қатысты барлық операциялар штаттық тәртіппен жүзеге асырылуда. NCOC компаниясы болашақта мұндай шабуылдарды болдырмау мақсатымен IT саласындағы қауіпсіздік жүйесін күшейту жұмыстарын жалғастырады», – деп хабарлады агенттік сұрағына жауап берген компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 12 мамыр, жұма күні NCOC компаниясының ақпараттық қауіпсіздік жүйесінде шамамен сағат 18.00-де компания серверлеріне вирустық шабуыл жасалғандығы тіркелді. Сақтандыру шарасы ретінде интернет желісіне және корпоративтік поштаға ену тоқтатылды. Кибер шабуыл серверлердің 10-20%-ы мен NCOC компаниясының компьютерлерін шарпыған болатын.

ҚазАқпарат

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз