Аса ірі көлемде есірткі затын таратумен айналысқан жасөспірім үш жылға сотталды

2022 07 04 2021 09 26 es Жаңалықтар

Атырау облысында есірткі таратумен айналысқан жасөспірім 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері наурыз айы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетумен айналысып жүрген 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Тексеру кезінде 26,7022 грамм Альфа-PVP синтетикалық есірткісі және 16 дана изолентаға түйілген орама тәркеленді.

Осылайша, 17 жастағы жасөспірім OLX әлеуметтік желісі арқылы заңмен тыйым салынған мефедрон синтетикалық есірткісін қала аумағындағы кез келген жерлерге жасырын қойып кету арқылы ақша таппақ болғанын айтты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті кінәлі деп танылып, сот шешімімен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз