Жарнама
Жаңалықтар

Қаржы тиімді жұмсалуы тиіс

Кеше облыстық мәслихаттың жетінші сессиясы өтті. Онда 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар нақтыланды. Кезекті сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысты.

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b6%d1%8b-%d1%82%d0%b8%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%83%d1%8b-%d1%82%d0%b8%d1%96%d1%81

Жиын барысында келесі жылы жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуына баса мән берілді. Оның ішінде, жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу, медицина мен білім беру бағыты, сондай-ақ, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт саласын қамту  қаперге берілді.

Демек, бұл бағытта бөлінген 1,4 млн. теңге қаражатты түгел игерген жөн. Атап айтқанда, аудандардағы ағымдағы жылы құрылысы аяқталып, түрлі себептерге байланысты уақытылы ашылмаған балабақшалардан,  ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзалармен күрес жөніндегі іс-шаралардан, елді мекендердің бас жоспарынан, қала құрылысы кешенді дамуы сызбасынан үнемдемеу жөнінде міндет қойылды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша Әбежанның айтуынша, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық  жобалардың  3,2 миллиард теңгесі келесі жылға ығыстырылды. Олардың қатарында Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылындағы Миялы орта мектебінің төрт блогын қайта жаң-ғырту және Жантерек ауылындағы 60 орындық бастауыш мектептің, Құрманғазы ауданының Приморье ауылындағы 300 орындық орта мектептің, Атырау қаласының Тасқала ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары, Махамбет ауданындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің жобасы бар.

Сессия барысында қаралған тағы бір мәселе – өңірдегі  ірі  табиғат пайдаланушы  компанияларының қоршаған ортаға қатысты іс-шаралар жоспарының орындалысы болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Батыс аймағы Атырау мұнай құбыр басқармасының басшысы Сәбит Рзиевтің баяндауынша, мұнайды тасымалдау кезінде ластаушы заттардың негізгі көзі  сұйыққойма паркі, құю-төгу эстакадасы, қыздыру пештері, қазандық қондырғылары болып табылады. Сондықтан, халықтың қауіпсіздігін сақтап,  өндірістік нысандарға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына залал келтірмеу қатаң қадағаланады.

«Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан» АҚ-ның аймақтық менеджері Сәрсенбай Мұрынов та компания тарапынан ауаны ластамау бағытында жасалып жатқан шараларға тоқталды. Дегенмен, мәслихат депутаттары облыс орталығындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жағдайы әлі күнге дейін күрделі екендігіне алаңдаушылық білдірді.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев арнайы экологиялық сарапшы мамандарды шақыртып, ауаға таралып жатқан залалдарды тексерту, қадағалау қажеттігін айтты. Келтірілген зиянға байланысты айыппұл мөлшерін белгілеуді халық қалаулылары бірауыздан мақұлдады.

Сонымен қатар, күн тәртібінде Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов шаһар аумағында жануарларды асырау қағидаларына тоқталса, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрбай Әбдірахманов аталмыш мәселе бойынша аудандардағы жағдайларды баяндады.

Нұргүл

ЫСМАҒҰЛОВА.

Нұрғайша  ӘБЕЖАН,

облыстық экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы.

— Ағымдағы жылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, облыс бюджетіне жоспарланған 113 359,9 млн. теңгенің орнына 133 051,8  млн.  теңге кіріс түсті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button