Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Арыстағы жарылыстан екі адам қаза тапты (+ВИДЕО)

Atr.kz/25 маусым, 2019 жыл. Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында екі адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мемлекет басшысы Арыс қаласындағы оқиға орнына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өкінішке орай, қаза болғандар бар: бір азамат және бір әскери қызметші. Туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі», — деді премьер-министр үкімет отырысында. 

Қорғаныс министрлігінің өкілдері қаза тапқан екінші адамның аты-жөнін жариялады.  «Биыл 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жануы және одан кейінгі жарылыстар салдарынан келісімшартпен жұмыс істеп жүрген әскери қызметшісі аға сержант Б. М. Әлімбеков қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген ведомство хабарламасында.

«Біз екі адамның қайтыс болғанын растай аламыз. Бір азамат — Арыс қаласының тұрғыны болған. Снаряд оның көлігіне түскен, ол тым ауыр жарақат алған. Екіншісі — Қорғаныс министрлігінде келісімшартпен қызмет етіп жүрген әскери қызметші. Оның денесі іздеу шаралар барысында әскери бөлімшенің жанынан табылды», — деді Ильин үкімет кулуарында. 

Еске салайық, 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланды. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді — тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72. Кейін Арыс қаласына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барып, атқарылған жұмыстармен танысып, зардап шеккендермен кездескен еді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button