Жарнама
Жаңалықтар

ҒАРЫШҚА САМҒАУ – ӘР ҚАЗАҚТЫҢ АРМАНЫ

 

– Ғарышқа ұшу кезінде 1991 жылы Тоқтар Әубәкіров бастаған, кейін 1994, 1998, 2001 жылдары Талғат Мұсабаевтың жалғастырған ғылыми бағдарламасын зерттеу жүктелді.  Дәлірек айтқанда, биомедицина саласы, физикалық-техникалық, психофизиологиялық тәжірибелер жүргізілді. Сондай-ақ, табиғи-ресурстық және геофизикалық мониторинг шеңберінде Қазақстанның экологиялық дағдарыс аумағы – Арал теңізі, Каспий теңізінің мұнай төгіндісі бар аймақтары зерттелді, — дейді ғарышкер.

Жиында ғарышкер өзінің арманына жетуі туралы әңгіме етіп, тілшілердің қойған сұрақтарына жауап берді. Ұшу алдындағы әзірлік барысы, алған әсерлері және қазақстандық ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі туралы айтылды.

«Болашақта ғарышкер боламын деген көкірегінде арманы бар жеткіншектерге жол көрсетер қандай іс-әрекет ету ойыңызда бар?» деген сауалымызға А. Айымбетов:

«Астана қаласының оқушылар сарайында менің жетекшілігіммен жас ғарышкерлерге арналған мектеп ашылған болатын. Оның жұмысының нәтижесінде бүгінде бірқатар жеткіншектердің ғарышқа деген қызығушылықтары арта түскені көңілді марқайтады. Мұнда жыл сайын 500-600 бала жазылып отыр. Кейінгі буынға айтарым, үздіксіз білім алып, денсаулықты сақтау керек. Бастысы, мақсатқа жету үшін шыдамдылық, сабырлық танытқан жөн» , — деді.

Бүгінде Қазақ ғарыштық техникалар мен технологиялар институты басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген А.Айымбетов Қазақстанда ғарыш саласын дамытуды мақсат еткенін, бұл жолда еңбегін жалғастыратынын айтты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button