АРЫС АПАТЫ: екі адам – жансақтау бөлімінде
Atr.kz/5 шілде, 2019 жыл. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникацилар қызметінде Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен науқастардың хал-жағдайы туралы айтты.
Министрдің айтуынша, апат болған 24 маусымнан 5 шілдеге дейін 410 арыстық медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. «Жалпы жиыны 410 адамға медициналық көмек көрсетілді. 82-сі стационарға жатқызылды. Оның 12-сі — бала. Қазір 63 науқас емделіп, үйлеріне шықты. 19 адам әлі жатыр.
Соның ішінде 2 адамның жағдайы өте ауыр. Екеуінің де диагнозы — ауыр ми жарақаты. 7 жасар бала Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар аурханасында. Тағы бір жас жігіт Түркістандағы облыстық балалар ауруханасында жатыр», — деді Елжан Біртанов. Айта кетсек, мұның алдында денсаулық сақтау министрі Арыста жаңа емхана мен аурухана салынатынын айтқан болатын.