Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қарттардың мерейі көтерілген күн

Өткен аптада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылқоға аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Съезд талабы – ардагердің белсенділігі» тақырыбында облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті. Семинар-кеңеске қатысушылар ертеңгілік аудан орталығында жаңадан ашылған «Ардагерлер үйі» ғимаратында болып, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысымен танысты.

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b9%d1%96-%d0%ba%d3%a9%d1%82%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d2%af%d0%bd

Аудан қарттарына ізгі тілегін арнаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов жазушы Ж.Доспановтың «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» кітабының 10 томын, «Жеңіс сарбазы», «Отты жылдар оралымы» және Ө.Озғанбай мен К.Бекмағанбеттің жинақтаған «Бата дарып, бақ қонсын» кітаптарын тарту етті.

Бұдан кейін семинарға қатысушылар аудандық мұражайда болып, жәдігерлермен танысты. Әсіресе қонақтар мұражайдағы табиғат бұрышын, Айбас батырдың сауытын, ұста көрігін және  басқа да аудан тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді қызыға тамашалады. Содан соң, орталық саябақтағы «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоғын қойып, майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауылдың көрікті жерлерін аралаған қонақтар «Даңқ» саябағында болып, «Бәйтерек» мешітінде аруақтарға дұға бағыштады.

Түстен кейін бағдарлама бойынша «Арман» мәдениет үйінде семинар жұмысы басталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов төрағалық еткен жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түрікменбай Нұржігітов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Бағытжан Мұқамбетов,  қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінің және кейбір салалық ардагерлер ұйымының төрағалары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Көшпелі отырыста олар облыстық және Қызылқоға аудандық ардагерлер кеңесінің жүргізген жұмыстарымен танысып, келешекке жоспарларын айқындады.

Семинар соңында  Қатимолла Ризуанов облыстық кеңес атынан ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жұмыстарға белсене қатысып жүргені үшін Миялы, Мұқыр ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағалары Жаубасар Мұқанбетов пен Ақниет Сахиевке Алғыс хат табыстады. Ал, жастардың бойында қазақстандық патриотизмдi дамытуға үлес қосып жүрген Ойыл ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Мереке Айжарықов  Қарулы  Күштер  ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің төрағасы, Халық Қаһарманы Б.Ертаев атынан «Армия генералы С.Қ.Нұрмағанбетов» медалімен, Қызылқоға ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Тауман Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған белгісімен, ішкі істер саласының ардагері Сисемғали Нұрғалиев «Ішкі істер органының Құрметті ардагері» медалімен марапатталды.

Басқосудан кейін меймандар «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бауыржан  БЕРДІҒАЛИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button