
Арнайы операция кезінде алаяқтар ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі.
Алаяқтар тобының құқыққа қарсы әрекеттері фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды.
Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.