Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Армения мен қырғызстандық көліктерді кедендік рәсімдеуде жеңілдік болмайды

Atr.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. Армения мен қырғызстандық көліктерді кедендік рәсімдеуде жеңілдік болмайды Көлікті елден шығара алмасаң, утилизациялауға өткіз!

Ішкі істер министрлігі шу болған Армения мен қырғызстандық көлік иелеріне осындай кеңес берді. Жауапты орган жаппай наразылық акциясын өткізіп дүрлігіп жатқан азаматтарға кедендік рәсімдеуге қатысты ешқандай жеңілдік болмайтынын да айтты.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары:

 — Біз өзімізің базадан шетелдік нөмірі бар көліктерді көре алмағандықтан, олар жиі жол ережесін бұзып, қарапайым тұрғындарға қауіп төндіреді.

Мәселен, өткен жылы осындай көліктерді тізгіндеген азаматтар 1800 көлік апатына себеп болды. Соның салдарынан 132 адам қайтыс болып, 528 адам жарақат алды. ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, соңғы үш жылда ЕАЭО елдерінен 200 мыңға тарта көлік Қазақстанға кіргізілген.

Бірақ оның 40 мыңы ғана заңды түрде тіркеліпті. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев шетел нөмірі көліктердің қылмыс құралына да айналып бара жатқанын жеткізді. Қаскөйлер тіркеуде жоқ темір тұлпарларды сатып алып, жымысқы ойларын оп-оңай жүзеге асырады екен.

Мәселен, өткен жылы осындай 400 қылмыс тіркелген. Оның 335-і көлікті ұрлауға қатысты болса, 60 қылмыс кісі өлтіруден ұрлыққа дейінгі дәрежеде жасалған. Сондай-ақ, полиция Арменияға көлік алуға барып алданған азаматтардан арыз түсіп жатқанын мәлімдеді.

Ал, Сауда және интеграция вице-министрі Жәнел Кушукова Арменияда тіркелген ондаған мың автокөліктің Қазақстанға қалайша кіріп кеткенін арнайы құрылған комиссия тексеретінін жеткізді. Оның сөзінше, Армения үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын өрескел бұзып, өз міндеттемелерін орындамаған.

Жәнел Кушукова,

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

— Автокөліктер ЕАЭО келісімін бұзу арқылы Армениядан Қазақстанға әкелінген. Сондай-ақ, сол елде тіркелген көліктерді Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағына Арменияда тұратын азаматтар ғана уақытша әкеле алады делінген. Басқа тұлғалардың әкелуіне және пайдалануына, тіркеуден шығаруға тек кедендік декларациялары мен баж салықтары төленген жағдайда ғана жол беріледі.

Дереккөз: www.ktk.kz

http://atr.kz/bez-rubriki/resejlik-k%D3%A9likpen-zh%D2%AFrgen-zh%D2%AFrgizushiler-ne-isteu-kerek/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button