Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!Жаңалықтар

Қарияның қос кітабы жарық көрді

Облыстық «Атырау» газетінің хат бөліміне үнемі журналистерді  іздеп келіп, редакция қызметкерлерімен өз пікірлерін бөлісіп отыратын, мақала жазып, қоғамға үн қосып жүретін белсенді авторлар бар. Солардың бірі – Смадияр Жайәділұлы. Ол кісі қоғамдағы келеңсіздіктер жөнінде өлең жазып, ана тілімізді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырып, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосуды жөн санайды.

кариянын кос китабы

Бұл жолы да ол  қуанышты хабармен бөліскелі келіпті. Өмір бойы жазған өлеңдерін екі кітап етіп баспадан шығарыпты. «Көңіл» және «Менің туған Жылыойым» деп аталатын жыр жинақтарының қаражатын ақсақал өзінің зейнетақысынан өтепті.

— Бүгінде адамға жетпейтін екі нәрсе бар. Бірі – уақыт, екіншісі – көңіл. Әйтпесе, «Қой үстіне бозторғай  жұмыртқалаған» дегендей, керемет заманда өмір сүріп отырмыз. Мен өмір бойы қарапайым еңбек еттім. Әдебиет жолына түсуге мұршамыз болмады. Ендігі жерде «немерелерім оқып, үлгі алар, «атамыз ақын болған екен ғой» деп олар да ана тілін құрметтеуге атсалысар деген оймен осы кітапты шығарып едім. Менің ойымша, кітап – баға жетпес қазына. Одан үлкен байлық жоқ,-дейді қария.

Гүлзада Ниетқалиева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button