АРДАГЕР ЖУРНАЛИСКЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ (+видео)

b9acd449 ef82 40ca 8196 572c3284b8f1 Жаңалықтар

Облыстық «ATYRAY» газетінің ғасырлық тойына орай, осы басылым редакциясында абыройлы қызмет атқарған аға буын өкілдеріне де лайықты құрмет көрсетілуде. Өмірден өткендерін елдің есінде қалдыру мақсатында шығармашылық ұжымның бастамасымен, «Атырау-Ақпарат»медиахолдингінің және қала, облыс әкімдіктерінің қолдауымен игілікті іс-шаралар жалғасын табуда.

​Осылайша, жақында ұзақ жылдар бойы баспасөз  саласында жемісті еңбек еткен, бұрынғы «Коммунистік еңбек» (қазіргі «Atyray») газетінің бас редакторы, облыстық «Полиграфия» өндірістік бірлестігінің бас редакторы, еңбек ардагері  Құмар Кенжеғалиевтің аты Атырау қаласының аумағындағы Жұлдыз-2 шағынауданындағы жаңа көшелердің біріне берілді.Осы оқиғаға орайластырылған салтанатты рәсімге оның көзін көрген замандастары, қызметтес болған үлкенді-кішілі әріптестері, ағайын-туыстары мен отбасы-әулетінің мүшелері, жалпы ағамызды білетін жұртшылық өкілдері жиылды.

fa4a2c38 1586 4052 b9a3 9a7c964063ad

Алғашқы сөз кезегін «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов шараға қатысушы көпшілікті Құмар Кенжеғалиұлының өмірбаян деректерімен таныстырды. Одан кейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, облыстық ішкісаясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, ардагер  журналист, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жаңабай, ағамыздың досы, Махамбет ауданының Құрметті азаматы Мәндірғали Оразғалиев және басқалары көшеніің ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

bda47377 3795 43c1 a633 b5a5ad1a2528

Рәміздік лентаны қиып, ардагер журналист атындағы көшенің тұсауын кесу кезегі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы, шаһар басшысының орынбасары Нұржан Мақсотұлы, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Жасын Ерсінұлы  және ұрпақтары атынан Бауыржан Құмарұлына жолданды. 

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз