ЖаңалықтарҚұқық
Аралда жабылған түрме
АҚШ. Нью-Йорк басшылығы Райкерс аралындағы түрмені жабу туралы шешім қабылдады.
Шаһар мэрі бұл қадамды қылмыс азайып, абақтыға қамалғандар санының қысқаруымен байланыстырды. Ал, онда қамауда отырғандарды өзге түрмелерге ауыстырады. Жоба бойынша жазасын өтеушілерді абақтыларға бөліп көшіру үшін шамамен 10,6 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Айта кетейік, қазір он мыңға жуық адам қамауда отырған түрме 1932 жылы ашылған.