АРАЛАС САЙЛАУ ­­– УАҚЫТ ТАЛАБЫ

5fc8bc490e1b8 Жаңалықтар

            Президент «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында: «Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз. Біз осыдан 15 жыл бұрын  конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік. Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда, оның жағымсыз тұстары да байқалды» деп атап көрсетті.

            Мемлекет басшысының айтуынша, партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да  сайлана алмайтын болды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сөйтіп, сайлаушылардың тарапынан өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеушілік туындады. Сол себептен де, халық  депутаттарды жеткілікті дәрежеде тани бермейтін деңгейге жетті. Сайып келгенде, мұның өзі сайлау жүйесінде кейбір келеңсіз жайттардың туындауына әкелді. Осыны қаперіне алған Президент ендігі жерде аралас сайлау жүйесіне көшу керектігін ескертті.

            Бұл ұсынысты толығымен қолдауға болады деп есептеймін. Өйткені, аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, елімізді жаңғырту үдерісіне жұмылдыра түседі деген ойдамын.

Қайыржан МӘЖИЕВ,

Махамбет аудандық мәслихатының хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз