Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Қарабатандағы жаппай улануға 2 асхана қызметкері кінәлі

Қарабатандағы 22 жұмысшының жаппай улануының себебі анықталды. Зертхана қорытындысы бойынша Қарабатандағы 2 асхана қызметкері бактерия тасымалдаушы ретінде анықталды. Бүгінде олар жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған. Бұл туралы редкциямызға облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

G

Естеріңізде болса, 2 қыркүйек күні «Қарабатан» вахталық поселкесіндегі жұмысшылар арасында өткір ішек ауруы тіркелген еді. Оларға «орташа ауырлықтағы жедел ішек жұқпасы» диагнозы қойылған.

Бүгінде Атырау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына барлығы 16 ауру жатқызылған. Ал, 13 жұмысшы клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдеріне байланысты амбулаториялық жағдайда емделуде және медициналық бақылауға алынған. 6 аурудан «сальмонелла энтеритидис» қоздырғышы анықталыпты.

Қазіргі таңда аурудың тіркелуіне байланысты «Кұлсарыгаз» ЖШС мекемесі асханасына жоспардан тыс тексеру басталған. Нәтижесінде, бактериологиялық зерттеуге 36 сынама, 60 сүртінді және 5 асхана қызметкерінен бактериологиялық зерттеуге материалдар алынды.

Асхана жұмысы уақытша дезинфекция жұмыстарына байланысты тоқтатылды. Қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, толық медициналық бақылаудан өтуге жіберілген. Сонымен қатар, асханада тамақтанған 140 адамға профилактикалық мақсатта сальмонеллез бактериофагі тағайындалыпты. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button