
ЖаңалықтарЭкономика
«Қара алтын» құны қымбаттады
Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,32 долларға көтеріліп, 61,51 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,56 долларға өсіп, 53,69 долларды құрады.