Қарқынды дамудың темірқазығы
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы талай белесті бағындырды. Елдің әлеу-меттік-экономикалық дамуы қалыпты. Материалдық тұрғыдан оңалтуға бағытталған әртүрлі бағдарламалар да жүзеге асырыып жатыр.
Елдің экономикалық тұрғыдан дамуы ғана біз үшін жеткілікті ме? Бабаларымыз армандаған азаттыққа қол жеткізген ұрпақтың болмысы рухани байлығына байланысты қалыптасатынын ескерсек, ұлттық сананың қалыптасуы – жаһандану дәуірінде жұтылып кетуден сақтайтын бірден-бір күш.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелер расында көңілге көрікті ой салады. Мақаладағы «Әжептәуір жаңғыр-ған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет» деген жолдар ұлттық құндылықтарымызды жаң-ғырта отырып, жаңа заманға бейімделуіміз керектігін аңғартады.
Мемлекет басшысының бұған дейінгі әлемдік деңгейде көтерген бастамасының көбі қазақстандықтар түгілі шетелдіктердің де қызығушылығын тудырып жүргені шындық. Ал, осы жолғы рухани жаңғыруды, ұлттық сананы оятуды мәселе етіп қоюы – біздің елдегі мемлекет құраушы ұлттың шын қуанышы. Елдегі берік саяси тұрақтылыққа, ынтымақ-бірлігі жарасқан көп ұлтты халыққа жасалып жат-қан игілікті істерге куә болып келеміз. Өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қараймыз. Ешкімді түріне, түсіне, тегіне қарап алалау деген жоқ. Десек те, өз құндылықтарымызды қайта жаңғыртсақ, одан ешкімнің құқығы тапталмайтыны анық.
Елбасы мақалада «Тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қоз-ғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі» деп қауіп-қатерлердің сипаты да алуан түрлі екенін атап айтты. Барша қазақстандықтарға ұсыныс есебінде жазылған мақалада бүгінгі күннің бет-бейнесі айқын көрінеді. Ондағы айтылған мәселелердің барлығы да өзекті.
Нұрлан МҰХАНБЕТАЛИЕВ,
Исатай аудандық мәслихатының хатшысы