Жаңалықтар
Қар басқан шөл дала
САУД АРАБИЯСЫ. Елдің біраз бөлігіне қар жауды. Корольдіктің бас метеорологиялық басқармасының мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысына зиянын тигізген.
Сонымен қатар, орталық бөлігіндегі астаналық округ аудандарында шөл даладағы құмның бетін қар басып қалды. Табарджал қаласында ауа температурасы -3°C дейін төмендеді, Әл-Куараят провинциясында сынап бағанасы -1°C көрсетті.
Метеорологтар жақын күндері корольдіктің барлық аумағында – Эр-Рияд, Шығыс провинцияларда, Меккеде, Мединада, сондай-ақ, оңтүстік-батыс қалаларында жауын-шашын болатынын ескертті. Азаматтық қорғаныс корольдік құзырындағы азаматтар мен шетелдіктерді сақтық шараларын ұстануға шақырды.