Әр бала үшін 4,2 млн теңге: Депутаттар ана капиталын енгізуді ұсынды
Депутаттар әлеуметтік төлемдер тұжырымдамасынан адам капиталына ақша салу жүйесіне көшу қажеттігін ерекше атап өтті.
Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдауға арналған бірқатар шаралар атқарылып келеді. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қарастырылған. Дегенмен, бұның барлығы ана мен баланың өмір сүру деңгейін көтеруге айтарлықтай ықпал жасап отырған жоқ. Оны ЮНИСЕФ-тің зерттеуі де растап отыр.
Қазақстанда балалардың 15,6 проценті табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Ал 15 процент — ол 1 миллион бала. Басым бөлігі — көпбалалы отбасының мүшелері. Бұдан бөлек, 500 мың толық емес отбасы бар. Жалғызбасты аналар мен жалғызбасты әкелердің жағдайы да мәз емес.
«Мемлекет бір нәрсені анық түсінуі керек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет», — деді Смайылов мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда депутаттар әлеуметтік төлемдер тұжырымдамасынан адам капиталына ақша салу жүйесіне көшу қажеттігін ерекше атап өтті. Оны кәдімгідей идеологияға айналдыру керек. Мәжілісмендер ұлттық жобаны қабылдап, баласы бар отбасыларға инвестиция салуды ұсынып отыр.
«Елімізде әрбір бала үшін 4,2 миллион теңге көлемінде мемлекеттік төлемді ана капиталы ретінде енгізген жөн. Оны баспана алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баланың біліміне және ананың зейнетақы жинақтарына жұмсауға болады», — деп атап көрсетті Смайылов.
Депутаттың айтуынша, ана мен баланы қолдауға қаржы көптеп бөлінсе, кедейшілік қана емес, балалар арасында аурулар мен зорлық-зомбылық та азаяды.
Аман ШАМАР
Бармз колдаймыз. Казакстандаг копбалалы отбасыларга оте колдау кажет. Бармздн жагдайымзд Казыр жасау керек. Бздн Казакстаннын болашагы солардын колында. Сол ушн келер урпакты жаксылап жагдайын жасау кажет. Бызге каражат керек. Бызге тургын уй керек. Быз барлгмз быр ауыздан колдаймыз!
Дұрыс болар еді. Үйсіз жалғыз басты ана үшін яғни мен үшін үлкен көмек болар еді.
Үйсіз жүрген анаға үй ретінде берсе нұр үстіне нұр болар еді. Үйсіз жандар азайып жағдай біраз дұрысталар еді.
Керемет шешім болар еді. Егер дәл осылай шешілсе. Ақшалай бермей орнына үй берсе де керемет болар еді.
Оте керемет ой откени ар бала ол ер келешеги
Берилсин..Мен колдаимын казирги заманда Онсызда кризис болып жатыр…ар Бир балага 4,2тенге Берилсин. Бир жаска деиинги баланын алатын акшасы онсызда аз
Саламатсызба мен Ахат Айгерим Даиржанкызы Екибастуз каласынан боламын мен Жалгызбасты анамын уйим жок патер жалдап турам озим жумс истемеймын балам кишкентай жакында босандым балама 2ай болды кеуим жок балама пособие Алам патериме жетпейд казир заманда Бари кымбат патерди 40мн тг жалдап турам ал менин алатын пособиам 18мн тг Гана сондада жетпейд егер де осы комекти 4,2млн берсе жаксы болар еди квартира сатып алушы едим жакында Уй кезегине турдм акимге барганмын бирак акимнин озине Кире алмадим орынбасарына кирдим патер уакытша туратурга сурап едим бермеди кезегин келгенде аласын деди Ол кезекти 10жыл кутум керек катты киналып кетим ешким комек бергиси келмид Бари туыскандар Оздеримен оздери отинем осы Ана капиталы берилсе екен 87071379967