Жарнама
Жаңалықтар

«Ақжайық» резерватындағы өрт: жұмыс жалғасуда

Өртке қарсы 150-ге жуық адам, 40 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Бұл туралы Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

20 маусымда облыс әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт салдарын жою жөніндегі жедел штабтың көшпелі отырысын өткізді.

Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев пен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев өртті оқшаулау және оның салдарын жою бағытында жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

–Шұғыл деректерге сәйкес, қазір өрт оқшауланған, ашық жалын ошақтары анықталған жоқ. Негізгі күш шымтезек пен қамысты қабаттардың бықсып жануын тоқтатуға бағытталған. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Өрттің қайта тұтануына жол бермес үшін жалын шарпыған аумақтарға су шашылып, топырақ төгілуде, — делінген баспасөз хабарламасында.

Облыс әкімі ошақтар толық жойылғанға дейін жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, табиғи апатқа жұмылған қызметтердің іс-қимылын толыққанды үйлестіруді тапсырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button