Жарнама
Жаңалықтар

Ақылы жолдардың ақауы бар бөліктерінде ақы алынбайды

Республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем алу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді жол бойында қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар немесе жөндеуді қажет ететін учаскелер болса, сол бөліктер үшін жүргізушілерден ақы алынбайды. Бұл туралы республика Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

img 2725

Мәселен, ақылы жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана төлем жасайды. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін жеңілдік күшінде болады.

img 2726

Бүгінде елімізде 27 ақылы автожол бар. Ұлттық оператор жолдардың жағдайын тұрақты түрде бақылайды. Сондай-ақ әрбір жүргізуші ақауларды тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарлап айта алады.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолға қолданылады.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button