Ақтоғай ауылындағы қайғылы оқиға: тұтас отбасы қазасының алдын-ала себебі айтылды

5f58c8aa651ae462599675 Жаңалықтар

«Алдын-ала болжам бойынша , марқұмдар көмірқышқыл газынан уланған болуы мүмкін» деп хабарлайды Atr.kz

Оқиға 5 наурыз күні болған. Кешкі сағат 18.33-те Махамбет аудандық өрт сөндіру бөліміне Полиция қызметінен Ақтоғай елдімекенінде Садықов көшесі бойындағы бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына барған кезде 1974, 1991 жылы туған ер адамдар, 1977 жылы туған әйел адам және 2016 жылғы сәбидің өлі денесі табылды. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз