Жаңалықтар
«Ақсұңқар» жүйесін әскерде қолдану жоспарлануда
Қазір әскери комиссариаттарда Ақсұңқар әскерге шақырылушылардың психо-эмоционалды жағдайын анықтау жүйесі қолданылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Оны кеңейтіп, әскерде қолдануды жоспарлап отырмыз, яғни мерзімді қызмет сарбаздары, офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететіндер осы жүйеден өтеді. Бұл панацея болмайды, бірақ ол әскери полиция қызметкерлері, психологтар үшін адамдарды «анықтауға» мүмкіндік береді», — деді қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.