Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі: «Ақпараттық тазалық сақталуы тиіс»

1 Жаңалықтар

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жаңа www.stopfake.kz интернет сайты іске қосылды. Ресурстың негізгі мақсаты таратылып жатқан ақпараттың рас немесе өтірік екенін анықтау.

Министрлік сайттың жұмыс жасау принципін түсіндірді. БАҚ, әлеуметтік желі немесе кез-келген ашық дереккөздерге жарияланған ақпаратты зерделеу және сараптау арқылы фейк немесе факт екенін анықтайды. Сондай-ақ сайтта «Ақпаратқа шағымдану» функциясы бар. Кез-келген қолданушы ақпараттың растығына күдік келтірсе, редакцияға шағым жасай алады. Редакторлар дереу әрекет жасап, ақпараттың жалғандық дәрежесін анықтайды. Кейін веб-сайтқа сараптама қортындысы жарияланады.

StopFake қоғамға дұрыс әрі сапалы ақпарат беруге, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және ақпараттық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған.

https://atr.kz/bez-rubriki/belgili-professor-qazaqstandagy-%d1%8dpidemi%d1%8fnyn-qashan-bitetinin-ajtty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз