Жарнама
Жаңалықтар

Аптап ыстық және бұршақ: Елде ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамыр айының басында Иран аймақтарынан жылы ауа массаларының келуі Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының сақталуына себеп болады. Күндіз термометр бағандары оңтүстікте 35–44°С, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде 35–37°С көрсетеді. Абай мен Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысында өте қатты ыстық — 40°С күтіледі.

–Алайда, 16 мамырда еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, найзағайлы жаңбыр мен бұршақ жауады. Маңғыстау облысында қатты жаңбыр болуы болжанады. 17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбырлар мен бұршақ жауады, кейбір өңірлерде қатты жаңбыр мен дауылды жел күтіледі. Осыған байланысты елдің солтүстік жартысында күндізгі температура 18–28°С-қа дейін төмендейді, алайда оңтүстік өңірлерде 43°С-қа дейінгі қатты ыстық сақталады, — делінген «Қазгидромет» таратқан мәліметте.

Айта кету керек, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button