Apple қызметкері баласы iPhone X туралы мəліметтерді жариялағаны үшін жұмыстан кетті
Apple компаниясы құпиялылық шартын бұзған өз қызметкерін жұмыстан шығарды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат The Verge порталына сілтеме жасай отырып.
Америкалық аталмыш компанияда жұмыс істейтін инженердің қызы әкесімен бірге оның жұмысына еріп барған. Онда сатылымға әлі шықпаған iPhone X смартфонын видеоға түсіріп, желіге таратқан. Осыдан кейін Apple қызметкері жаңа құрылғыларды сатылымға шықпай тұрып көрсетуге болмайтындығына қатысты компания шартын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.
Инженердің қызы Брук Амелия өз видеосында жаңа айфонның кейбір функцияларын көрсеткен. «Сондай-ақ кадрдан Apple қызметкеріне берілген жасырын QR-кодтарды көруге болады»,-деп жазады портал.
Брук Амелия видеоны ешбір астарлы пиғылсыз түсіргенін және оның салдары туралы білмегенін айтып ақталды.
iPhone X сатылымға 3 қараша күні шығады деп күтілуде.
Айқара Ғұмар
Фото inform.kz сайтынан алынған