Алтынбек Ұтысханұлы атыраулықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады (ВИДЕО)

4fd6968a 3445 43ea 9584 621e69d2704f Жаңалықтар


Құрметті ағайын! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын! 

Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы қасиетті Рамазан. Сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еседеніп жазылар айы да – Рамазан. 

Берекелі айда баршаңызға қуаныш, отбасыларыңызға береке-бірлік сүйікті отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тілеймін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Әумин! 

Алтынбек Ұтысханұлы, Атырау облысының бас имамы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз