Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Алты сағат бұрын жауапқа тартылған көлік жүргізушісі жол апатына ұшыраған

Жылдамдық асырып жауапқа тартылған жүргізуші 6 сағаттан соң жол апатына ұшырап бір адам қаза тапты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында республикалық маңызы бар Астрахань-Ақтөбе тас жолының 513-514 шақырым тұсында маркасы Toyota Avalon және Ваз 2114 автокөліктері соқтығысып  жол апаты орын алды. Нәтижесінде маркасы Ваз 2114 автокөлігінің 1988 ж.т. жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Айта кетейік, маркасы Toyota Avalon автокөлігінің жүргізушісіне Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 22 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-бөлігімен, яғни тас жолдағы көлік жылдамдығын асырғаны үшін әкімшілік хаттама жасақтаған. Сондай-ақ, Toyota Avalon автокөлігінің 1999 ж.т. жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК 592-бабының 1,3,4-бөлігі, 593-баптың 1,3-бөлігі, 600-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше рет ескерту алған. Алайда, көлік жүргізушісі бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды. 

“Осы ретте, барлық жол қозғалысына  қатысушылар назарына жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.

Құрметті көлік жүргізушісі, өзіңіздің және өзгенің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеңіз!”, деп жазылды хабарламада. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button