Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Алматылық полицейлер депутатты қайран қалдырды

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Алматыдағы полицейлердің жұмысына риза емес. Мәжілісвуменнің айтуынша, оны қаланың қақ ортасында тонап кеткен. Ол полицияға арыз қалдырған, бірақ, арада үш апта өтсе де, онымен ешкім байланыса қоймаған. Бұл туралы Смирнова Facebook-те айтып берді. 

Депутаттың әлеуметтік желіде жазуынша,  оны Алматының дәл орталығында тонап кеткен. Белгісіз біреулер оның көлігінің әйнегін сындырып, сөмкесін алып қашқан.  Әйел полиция шақырған.

«Полицейлер жедел жетті. Олар келген кезде айтқан алғашқы сөздері мені қайран қалдырды: «Сіз неге уайымдайсыз? Мұндай бұрын да болған, бар және бола да береді. Ұрылар қашан да болған. Сонда сіз нені қалайсыз?» Мен қызметкердің қылмыспен күресу мүмкін еместігіне деген сенімділігіне таңқалдым. Оған погондарын сол жерде шешуде талап еттім. Себебі, олар оған керек емес. Ал, біздерге, қарапайым адамдарға ондай қызметкерлердің қажеті жоқ. Оны полицей немесе аға лейтенант деуге арым бармайды», — деп ашынады мәжілісвумен.

Сондай-ақ, ол арыз жазғанын атап өтті. Оқиға осыдан үш апта бұрын орын алса да, полицейлер онымен еш хабарласпаған.  ҚазТаг хабарлағандай, Алматының полиция департаменті бұл жағдайға орай пікір білдірді.

«Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында полицияға ұрлық дерегі бойынша азаматша И.Смирнова арызданған болатын. ҚР ҚК-нің 188-бабында қарастырылған (ұрлық) қылмыстың сипатына қарай арыз бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Жедел іздестіру тобы құрылып, құрамына аудандық звено жедел қызметкерлерінен бөлек, қаланың қылмыстық полиция қызметкерлері де кірді. Жедел іздестіру шаралар кешені осы қылмысты ашуға бағытталды», — делінген Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің дүйсенбіде таратқан хабарламасында.    

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button