ЖаңалықтарҚоғам
Алматыдан Атырауға ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды
Алматыдан Атырауға ұшып шыққан «Бек Эйр» ұшағы Таразға шұғыл қонды.
Әуе оқиғасы бүгін, 20 ақпанда Астана уақыты бойынша 07:20-да болды. Тараздағы «Әулие-ата» әуежайына Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағы шұғыл түрде қонды.
Bek Air әуекомпаниясының бас директоры Сырым Омаржанов 2105 рейсіндегі Алматыдан Атырауға шыққан ұшақ салонында қысымды көтеру жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, ұшақтыңТаразаға қонуының басты себебі саңылаудың пайда болуында екен.
Әуекомпания бас директорының мәліметінше, ұшақта 100-ден аса жолаушы болған, оның ішінде екеуі бала. Омаржанов жолаушылардың Атырауға ұшып кеткенін айтты. Ол осы оқиғаны мамандардың тексеретінін айтты.
Хорлан Смадияр