Жарнама
Жаңалықтар

Алматыда тұрғындар несиеге рақымшылық жасауды талап етуде

Алматыда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Көктем 3» шағын ауданындағы ғимаратының алдына ондаған адам жиналды. Олар несиеге амнистия жариялауды талап етуде.

Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат алдына шатырлар орнатып соның ішінде түнеген адамдар кешеден бастап жиналған. Олар өз талабын жоғарыға жеткізуді көздейді, ал Қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері өз кезегінде талап қоюшыларға жағдай туралы түсінік берген. Оқиға орнында полиция қызметкерлері кезекшілік етуді.

Естеріңізге салайық, 7 желтоқсан күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ипотекалық тұрғын үй несиелеріне кредиттік амнистия жарияланды деген ақпарат тараған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

2007-2008 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысының зардаптарынан, сондай-ақ ұлттық валютаның құнсыздануынан көбірек зардап шеккен ипотекалық қарыз алушылардың белгілі бір санатына көмектесу үшін 2015 жылдан бастап ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл қолдау 2004-2009 жылдар аралығында теңгеде ипотекалық несие алған, сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін валюталық ипотекалық несие алған қарыз алушыларға көрсетіледі.

Қаржылық көмек көрсету шаралары жалғыз тұрғын үйі бар қарыз алушылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы борышкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендетуді қамтиды. Ал басқа шетел валютасындағы ипотекалық қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын болады. Шетелдік валютадағы ипотекалық несиелерге келетін болсақ, қарыз Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгеге айырбасталды (бір доллар үшін 188,35 теңге).

Stan.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button