
Жаңалықтар
Алға ауылында жаңа әкімшілік ғимараты ашылды
Махамбет ауданының Алға ауылында жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заманауи талаптарға сай салынған жаңа әкімдік ғимараты ауыл тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне толық мүмкіндік береді.
Бұл – халық игілігіне бағытталған, ауданда атқарылған нақты істердің бір көрінісі.

