ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙҒА – БАСТЫ НАЗАР
Күн тәртібінде белгіленген, облыстық филиалдың атқарған қызметі туралы баяндаған ҚКХП облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев жергілікті жерде халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылатуда жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып біршама жұмыстар жүргізілгенін айтты.
Соңғы жарты жылда партия қатарына 72 мүше алынған, қазіргі кезде коммунистер саны 5112 жетсе, 232 бастауыш партия ұйымы бар.
Пленум барысында ҚКХП кезектен тыс VIII съездің қаулысында қабылданғандай, бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы жасы 30-70 жас аралықта болуы керектігі айтылған болатын. Осыған байланысты ҚКХП облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Жаукен Көшенов бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен босатылып, ҚКХП-ның облыстық филиалы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал, бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы лауазымына Тәнзила Құспанова тағайындалды.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.