Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы қаншаға өседі?

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Қазіргі таңда Қазақстанда мүгедектігі бар 695 мың адам тұрып жатыр. Әр күні олар көптеген қиындықтарға ұшырайды – пандустардың жоқтығынан бастап сапалы қызмет алу немесе жұмысқа орналастыруға дейін.

Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін өткен жылы Үкімет 2025 жылға дейін мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар қабылдады. Оны жүзеге асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар тұлғалар көтерген мәселелерді барынша зерттеп, талдады. Министрдің орынбасары Ерлан ӘУКЕНОВПЕН арадағы әңгіме осы шаралардың қаншалықты нәтижелі болатындығы туралы өрбіді.

– Мүгедектердің ең өзекті сауалдарының бірі – оңалтудың сапасыз құралдары немесе әлеуметтік қызметтер. Мысалға, біреулер қолдануға ыңғайсыз, арбиған арба-кресло алғандарына, енді біреулер көп уақытқа созылып кеткен жеткізілімге шағымданып жатыр. Сіз бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырсыз?

– Бұрында оңалтудың техникалық құралдары ең арзан бағамен не ҮЕҰ көздерінің біреуінен сатылып алынған. Бұл кезде тауарлар жаппай, мүгедектігі бар тұлғалардың жеке бас мүдделерін дұрыс ескерместен алынған-ды. Қоғамдық бірлестіктер көбіне алыпсатарлар болғандықтан, оңалту құралдарының сапасыз болатыны, әрі уақытында жеткізілмейтіні орын алған. Бұл мәселенің ең тиімді жолы – әлеуметтік қызметтердің порталы (www.aleumet.egov. kz). Бұл елімізде 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Аталған портал арқылы мүгедектігі бар тұлғалар өз мұқтаждықтарына қарай оңалту құралдарына немесе әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады.

Мұның бір тиімділігі сол, мүмкіндігі шектеулі жандар порталға автоматты түрде тіркеліп, қажет нәрселеріне (жөргек, арба, катетер, т.б.), мөлшеріне тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, өз беттерімен рейтинг, басқа пайдаланушылардың пікірлерін оқиды. Алғысы келген затының бағасы мен сапасын, басқа да қызметтерді бағамдай алады. Егер пайдаланушы қымбатырақ арбаны сатып алғысы келсе, мемлекет оған белгіленген соманы өтеп береді. Ал, айырмасын мүгедектігі бар тұлға өзі төлейді. Қазір мұнда бұндай мүмкіндік жоқ.

Бүгінде порталда жеткізушілердің және қызмет алушылардың тіркелуі жүріп жатыр. Ағымдағы жылданақ әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке таңдауды қажет етпейтін оңалтудың техникалық құралдарының 55 түрінен 24-і сатып алынатын болады. Қалғандары 2021 жылдың қаңтарынан бастап көшіріледі.

– Қ а з а қ с т а н д ы қ мүгедектер отандық өндірістің арба-креслоларына қашан отыратын болады?

– Осы жылы, алғаш рет, қазақстандық өндірістің электр жетегі бар арба-креслоларымен қамтамасыз ету жобасын іске асыру жұмысы басталды. Бұрын олар Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен импортталып келетін. Жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан инжиниринг» – «Тыныс» АҚ» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнымен бірлесе отырып, жүзеге асырады. Қазір біз аймақтардың не нәрсеге қажеттілігін анықтап отырмыз. Бұдан кейін 1,3 мың арбаның өндірісі басталады. Ал, сәуір айынан бастап олар мұқтаж жандарға берілетін болады.

– Мүгедектігі бар қазақстандықтарды жеке көмекшілердің қызметтері тарапынан қандай өзгерістер күтіп тұр?

– Иә, шағымдардың көбісі жеке көмекші қызметін көрсеткен ҮЕҰ-ға келіп түседі. Әсіресе, бұлардың жұмыстарының күңгірттігі, әкімшілік шығындарға қаражаттың 10%-ына дейін (өйткені, нормативті құқықтық актілерде шек көрсетілмегендіктен) ұстап қалуы, қызметтер үшін уақытында төлемеуі, жұмыс істеген сағаттар санын азайтуы, жұмыспен қамту бөлімдерімен тікелей келісім-шарт жасасу мүмкіндігінің жоқтығы және тағы басқалары. Жеке көмекшілер қызметінің бір сағат үшін ақысын есептеу тәртібі нақтыланбаған. Бұл әр аймақта әртүрлі бағамен төлемдер жүргізілгеніне әкелді.

Сонымен қатар, өткен жылы әлеуметтік қызметкерлердің жалақыларының өсуіне байланысты жеке көмекшілер қызметтерінің ақысы да сағатына 298 теңгеден 358 теңгеге дейін өсу керек болатын. Алайда, бұл мақсаттарға арналған қаржыландыру жергілікті бюджеттерден берілетіндіктен, барлық аймақтар төлемді арттырмаған. Келісім-шарттарды 2019 жылдың соңына дейін жасасқан және бюджеттен қосымша қажеттілік қолдауын таппаған облыстар бұрынғы кесте бойынша төлеп отырды.

Бірақ, осы жылдан бастап төлемақылар көтеріледі. 2020 жылдың шілде айынан бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына көшіріледі. Бұл арқылы мүгедектігі бар тұлғалар өздеріне жеке көмекшілерді таңдай алады. Қызметтерді порталға көшіру мүгедектігі бар тұлғаларға таңдау жасау мүмкіндігін береді және мемлекеттің қатысуын азайтады.

– К ө п ж а ғ д а й д а жәрдемақы – мүгедектің бір ғана табыс көзі. Олар жәрдемақының өсуіне сене ала ма?

– Жәрдемақы мөлшері жыл сайын өседі. 2016 жылы жәрдемақы мөлшері екі рет өскен: күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты 7%-ға және Елбасы Жолдауына сәйкес — 25%-ға, 2017 жылдың қаңтарынан бастап жәрдемақы мөлшері — 7%-ға, 2018 жылдан
бастап — 16%-ға, 2019 жылы тағы 5%-ға өсті. Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда бір ай бұрын еңбекке жарамдылықты жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтауды қарастыратын өзгеріс енгізілген.

Яғни, бұл кезде енді еңбекке жарамдылықты жоғалтудың фактісі анықталуына негізделіп қарастырылады (30%-дан бастап 100%-ға дейін). Бұрын орташаландырылған коэффициенттер қолданылған. М ы с а л ғ а , е ң б е к к е жарамдылықты жоғалтудың 65% кезінде 0,5 орташаландырылған коэффициенті қолданылып келген еді. Енді 0,65 коэффициенті қолданылатын болады.

– Жұмыс істегісі келетін және істей алатындарға көмек беріле ме?

– Бұл – біздің жаһандық мақсатымыз. Бұған қол жеткізу қалған барлық мақсатты орындауды көздейді. Соның ішінде әлеуметтік оңалту, бейімделу және басқасы. Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар тұлғалардың тек төрттен бір бөлігі еңбекке жарамды жаста және жұмыс істеп жүр (424 мың ішінен 112). Ал, ЕЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 40%-ға дейін жетеді. 2020-2021 жылдарға біз мүгедектігі бар тұлғалардың жұмыспен қамтылуы үлесін 30%-ға дейін арттыру мақсатын алға қоямыз.

Берілген сұрақтар үкіметтік жобалық кеңсесі аясында шешілетін болады. Бұл мүгедектігі бар тұлғаларды даярлау, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікпен айналысуға көмектесу, тиімді жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, мүгедектікті алдын алу және ескерту бойынша 4 тапсырма мен 26 нақты шараны міндет етіп қояды.

Мысалға, ағза функцияларының бұзылуы түрлеріне байланысты мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша «мамандықтар атласын» әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Мүгедектігі бар тұлғалардың бизнес жобаларын қолдау мен ұлғайту, оларды мемлекеттік органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының коллорталықтарына орналастыру жоспарда бар.

Осы жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына, мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны 2-4% мөлшерде орындамаған ірі және орта компаниялар үшін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға шектеу қоймақпыз. Осыған балама болып табылатын Жапония мен Германияның тәжірибесі бойынша компания мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындаудың орнына арнайы қорға өтемақыны төлей алатын механизмін қарастырамыз. Бұл елдегі қордың қаражаты мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыруда кеңінен пайдаланылатын болады.

– АИТВ-мен ауырған балалар қандай көмекті күте алады?

– Қазақстанда АИТВмен ауырған 530 бала бар. Солардың ішінен мүгедектікке 331 бала ие. АИТВ-мен ауырған балаларға, мүгедектігінің баржоғына қарамастан, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бағыты бойынша қолдау көрсетіліп жатыр. Осыған орай түрлі аймақтағы балалар түрліше көмек алуда. 2019 жылдың желтоқсан айында біз барлық әкімдіктерге АИТВ-мен ауырған балаларға және олардың заңды өкілдеріне (барлық аймақта) арналған 2 еселік күнкөріс минимумы мөлшерінде, яғни айына 62 366 теңге бірыңғай жәрдемақы қарастыруды ұсындық.

– Ә л е у м е т т і к қызметкерлердің жалақы мөлшері қашан арттырылады?

– Қазіргі уақытта ә л е у м е т т і к қ о р ғ а у саласындағы қызметкерлердің лауазымдық жалақылары 68120 мың теңге аралығында. Нәтижесінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде еңбектің қарқындылығы мен қарбаластығына сәйкес келмейтін еңбекақысының төмен деңгейімен байланысты білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Осыған орай, әлеуметтік ж ұ м ы с қ а б і л і к т і жұмысшыларды тарту және олар көрсететін қызметтің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақыларының өсуі психологиялық-эмоциялық және физикалық ауыртпалық үшін қосымша төлемдерді орнату арқылы жүргізіліп жатыр. Жұмысшыларға қосымша төлем сараланған түрде орнатылады.

Басқаша айтқанда, бұл жұмыста кездесетін қиындық пен жоғары қарбаластыққа байланысты. Осылайша 2020 жылдан бастап стационарлы және жартылай стационарлы типтегі медициналықәлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтін паллиативті санитарлар, медбикелер және тәрбиешілер жалақылары 4045%-ға арттырылған. Ал, үйге келіп жүретін және уақытша келіп жүретін санитарлар, медбикелер және тәрбиешілер жалақысы 15-17%-ға арттырылады.

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/siz-kitap-o%d2%9bisyz-ba/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button