Жарнама
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІ

 

Кездесуге  БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының  орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко және Орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Л.Ж.Сүлеймен қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова тараптар арасында қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қос-қан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген «Қазақстан-2050» стратегиясы және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты міндеттерін орындау аясында  еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Инфрақұрылымдық даму жоспарының шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өзара тығыз іс-қимылдың, оның ішінде барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді тартудың айрықша маңыздылығын атап көрсетті.

Тараптар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты алдын ала ескертуге, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік дамуына бағыттал-ған  алдын алу шаралары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button